Шымкентте екі баланың анасын зорлап, өлімші етіп сабап кеткен қылмыскерлердің бірі ұсталды

0
1 795

Қылмыскер 48 жастағы қала тұрғыны болып шықты.


Шымкентте екі баланың анасын зорлап, өлімші етіп сабап кеткен қылмыскерлердің бірі ұсталды

Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, зорлап кеткен күдіктілердің бірі ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

«26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық қажетті іс-шараларды өткізіп, қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтады. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы прокуратура мен полиция департаменті басшысының бақылауында» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Оның жергілікті тұрғын екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Полиция департаменті басшылығының бастамасымен жәбірленушіге психологиялық көмек көрсету мақсатында маман Айгүл Рахметова мен ҚР Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбекпен кездесу ұйымдастырылды.