Шымкентте екі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

0
382

Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.


Шымкентте екі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова қала әкіміне салада 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқармаға қарасты 20 мекеме бар. Қала әкімінің тапсырмасы негізінде мәдениет саласының 2021-2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленген. Бұл бағыттар жоғары білікті кадрлар даярлауға және дарынды жастарды қолдауға ықпал ететіні көзделген.
Биыл қалада 10 кітапхананы қайта жаңғырту жоспарланып, бүгінге дейін 6 кітапхана қайта жасақталды. Қалған 4 кітапхана Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі.
Шаһардың мәдени нысандарын көбейту мақсатында қаладағы 4 ауданға талдау жасалып, 25 нүктеге мәдени нысан қажеттігі анықталған. Оның 16-сы Community Center болса, 9-ы мәдениет үйі. Нысандарды салу жұмысы келер жылға жоспарланған.
Осы жылы «Шым қала» тарихи-мәдени кешені» құрылған болатын. Музейлендірудің І кезеңі аяқталып, 2 музей, 8 зал, 2 көрме мұнарасы жасақталды. Қазір ІІ кезеңіне сәйкес, тұрғын үй мен зынданда қажетті жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде Қызылжар мәдениет үйі мен Ақжар мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілуде, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.