Шымкентте екі үйдің шатыры өртеніп кетті

0
1 171

Өрт одан әрі келесі үйдің моншасының шатырына өтіп кеткен.


Шымкентте екі үйдің шатыры өртеніп кетті

Шымкент қаласы Көксай-1 шағын ауданындағы үйлердің бірінен өрт шығып, жалын екі үйдің шатырын шарпыған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД хабарлама жасады.

«2019 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 18.05-те ТЖД-ның кезекші бөліміне Еңбекші ауданының Көксай-1 шағын ауданындағы жеке үйден өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнында бір үйдің 96 шаршы метрді құрағайтын шатыры жанып, өрт көрші үйдің шатырына өтіп кеткен және шатырдың 25 шаршы метрін жалын шарпыған. Сонымен қатар, өрт одан әрі келесі үйдің моншасының шатырына өтіп кеткен. Өрттің жалпы көлемі 123 шаршы метрді құрады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған ақпаратқа сүйенсек, өрт сағат 18.24-те оқшауланып, 19.03-те толығымен сөндірілген және қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылған апаттық оқиғаның материалдық шығын көлемі мен себебі анықталып жатыр.