Шымкентте ЭКО-ға квота саны 7 есе ұлғайтылады

0
2 408

ЭКО жасатуға 400-ге жуық әйел кезекте тұр.


Шымкентте ЭКО-ға квота саны 7 есе ұлғайтылады

Биыл елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота санын 7 есеге дейін ұлғайтылу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы қалада 64 квота бөлінген болатын. ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

ЭКО жасайтын медициналық ұйымды әйел азаматшаның өзі таңдайды. Басқарманың мәліметінше, бүгінде кезекте 400-ге жуық әйел бар. Оның басым бөлігі 2020 жылы өтініш берген. ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек. Сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жіберіледі.

Бөлісу