Шымкентте экологиялық еріктілер слеті өтті

0
1 325

Кездесу барысында қаланың экологиялық проблемалары айтылып, экологиялық белсенділер қоршаған ортаны қорғау, сақтау және жақсарту үшін өз ұсыныстары мен жобаларын айтып өтті.


Шымкентте экологиялық еріктілер слеті өтті

Шымкент қаласы бойынша экология департаментімен «Еріктілер жылы» аясында қоғамдық ұйымдар, экологиялық белсенділер мен еріктілерді экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға жұмылдыру мақсатында экологиялық слет ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Экологиялық слетке 100-ден астам адамдар қатысты. Оның ішінде, қалалық білім басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның экология кафедрасының студенттері, Шымкент қаласының өңірлік экологиялық елшісі, экоактивистер және еріктілер бар.

Кездесу барысында қаланың экологиялық проблемалары айтылып, экологиялық белсенділер қоршаған ортаны қорғау, сақтау және жақсарту үшін өз ұсыныстары мен жобаларын айтып өтті. Жиналған іс – шара қатысушылары бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін және Шымкент қаласы бойынша экология департаменті осы жұмыстарды үйлестіруші болу қажеттігін ескертті.