Шымкентте экс шенеунікке қатысты жаза өзгерді

0
1 015

3 500 АҚШ доллары мен 30 000 жалған АҚШ доллары көлемінде пара алу сəтінде ұсталған болатын. Ауғанстан мемлекетінің 4 бірдей азаматына Қазақстан азаматтығын əперу мақсатында. Əл-Фараби аудандық соты Нұрдəулет Төлегенұлын пара алуға арандату жəне алаяқтық бойынша айыпты деп таныған.


Шымкентте экс шенеунікке қатысты жаза өзгерді

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрынғы шенеунікке қатысты жазаны өзгертті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бұрынғы басшысы Нұрдəулет Төлегенұлы бір емес, екі бап бойынша бастапқы сот сатысымен кінəлі деп танылған болатын. Сөйтіп əл-Фараби аудандық сотының үкімімен 7 жылға темір торға тоғытылып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілген еді. Сотталушының қорғаушысы бұл үкімді тым қатал деп санап, апелляциялық шағым келтірген.

Облыстық көші-қон полициясының бұрынғы басшысы ҰҚКД-нің жедел-тергеу тобы мен облыстық ІІД қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясы кезінде биылғы жылдың сəуір айында құрықталған болатын. 3 500 АҚШ доллары мен 30 000 жалған АҚШ доллары көлемінде пара алу сəтінде ұсталған болатын. Ауғанстан мемлекетінің 4 бірдей азаматына Қазақстан азаматтығын əперу мақсатында. Əл-Фараби аудандық соты Нұрдəулет Төлегенұлын пара алуға арандату жəне алаяқтық бойынша айыпты деп таныған. Бірақ сотталушының адвокаты бір бап бойынша айыптауды негізсіз деп санайды.
Өйткені сотталушы ақша талап етпеген. "Жəбірленуші тарап сыйақы беру арқылы өз мəселелерін тездетіп шешіп алғысы келген. Олардан ақшаны ешкім талап етпеген. Өз еріктерімен ұсынған. Сондықтан да Нұрдəулет Төлегенұлының іс-əрекетінде ешқандай да пара алуға арандату болмаған деп есептеймін. Ақша беру туралы алдымен жəбірленушілердің өздері қозғаған. Сондықтан даь осы бап бойынша менің қорғауымдағы Төлегенұлын ақтауды сұранамыз"-деді апелляциялық алқа отырысында сөз алған адвокат Ағабек Шымырбаев.
Сотталушының сөзіне сенсек, алдын ала тергеу кезінде экс полицейге ақша ұсынып жүрген арадағы делдал жəбірленушінің бірі бірнеше рет түсініктемесін өзгерткен. Осылайша күдік ұялатты дейді экс шенеуніктің адвокаты. Апелляциялық алқа сот отырысында да жəбірленуші Қараибрагимов ақша беру ұсынысы өз тарпынан болғанын мойындады. "Мен Нұрдəулет Төлегенұлын біраз жылдан бері танимын. Сондықтан да əрқайсысынан 7 мың АҚШ долларынан ұсынып көндіремін деп ойладым"-деді сотта сөз алған жəбірленуші.
Ауғанстан азаматтарына Қазақстан азаматтығын əперу үшін ақша ұсынғанын айтқан жəбірленушіні куə ретінде тану туралы адвокаттың өтінімхаты қанағаттандырылды.
Жəбірленуші тарап пен сотталушының адвокатының мəлімдемелерін тыңдаған апелляциялық алқа пара алуға арандатушылық айыбын алып тастап, бастапқы сот сатысында қабылданған үкімге өзгеріс енгізді. Осылайша экс шенеунік, көші қон полициясы басқармасының бұрынғы басшысы Нұрдəулет Төлегенұлына кесілген 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылға қамауға қысқартылды. Өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілген бұрынғы шенеунік енді алаяқтық бойынша айыпты деп танылып, 5 жыл темір торда жазасын өтейтін болады.