Шымкентте «Елбасы мақсаты – ел қауіпсіздігі» көрмесі өтеді

0
867

Іс-шараны Шымкент қалалық «Көрме» орталығы ұйымдастырады.


Шымкентте «Елбасы мақсаты – ел қауіпсіздігі» көрмесі өтеді

Шымкент қаласында 27 қараша күні «Елбасы мақсаты – ел қауіпсіздігі» атты көрме өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараны Шымкент қалалық «Көрме» орталығы ұйымдастырады.

Аталған көрмеде қоғамдағы қауіпсіздікті (күзет қызметі, бейнебақылау, дабыл хабарламасы т.б.) және өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ететін жаңа техникалар көрсетіледі.
Сонымен қатар көрмеге келушілерге осы сала мамандарының атқарып жатқан еңбектері кеңінен таныстырылады.
Айта кетейік, көрменің ашылу рәсімі сағат 11:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады.