Шымкентте электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі

0
1 025

Электросирена «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады .


Шымкентте электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі

24 маусым сағат 11.00-де Шымкент қаласында электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған орай мамандар үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранайды.

Электросирена «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады және төтенше жағдайдың қауіпі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін іске қосылады.

Бұл сигналды естіген кезде тұрғындар қол жетімді барлық ақпарат қабылдау құралдарын - телеарнаны, радионы міндетті түрде іске қосып, қалыптасқан жағдайда жасайтын іс-қимылдар туралы нұсқаулық алу қажет, деп Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметі хабарлайды.