Шымкентте еліміз бойынша алғаш рет «APOLLA» рентген аппараты орнатылды

0
953

Шымкентте қалалық №2 ауруханаға компьютерлік томография және елімізде алғаш рет Италиядан әкелінген «Apolla» рентген аппараты орнатылды.


Шымкентте еліміз бойынша алғаш рет «APOLLA» рентген аппараты орнатылды
Шымкентте еліміз бойынша алғаш рет «APOLLA» рентген аппараты орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Шымкентте қалалық №2 ауруханаға компьютерлік томография және елімізде алғаш рет Италиядан әкелінген «Apolla» рентген аппараты орнатылды. Аталған құрылғының көп функционалды телебақылаушы үстелі бар. Отаның біршама түрін жасайтын құрылғы диагностиканы барлық режимде цифрлық зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие. Мәселен, флюроскопия, рентгенография, рентгеноскопия, томография және сатылы ангиография, одан бөлек, жатыр ауруларының эмболизациясы мен бауырдың қатерлі ісігін емдейтін бірегей аппарат. Бұл құрылғыны құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, желтоқсан айының ортасында іске қосамыз,– деді Бақытжан Жолдасбекұлы.