Шымкентте енді медицина ұйым басшыларына тікелей шағымдануға болады

0
649

Арыздары бар азаматтарды бас дәрігерлер емдеу мекемесіндегі фронт офисте қабылдап, қажетті медициналық көмекті көрсетеді.


Шымкентте енді медицина ұйым басшыларына тікелей шағымдануға болады

«Естуші мемлекет» тұжырымдамасы аясында енді қаладағы мемлекеттік медицина ұйым басшыларына тікелей шағымдануға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыздары бар азаматтарды бас дәрігерлер емдеу мекемесіндегі фронт офисте қабылдап, қажетті медициналық көмекті көрсетеді.

Сондай-ақ медициналық мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда, комплаенс қызметкерлерге немесе 1424 телефонына хабарласуға болады.
Өтініштерді Facebook және Instagram желісіндегі медициналық мекемелердің парақшаларына қалдырсаңыз болады. Пациенттерден түскен өтініштер міндетті түрде назардан тыс қалмай, шешу жолдары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.