Шымкентте ер адам темекі кесірінен өртеніп кетті

0
1 892

Оқиға Еңбекші ауданы, Бадам-1 елдімекенінде күндізгі сағат 14-тер шамасында болған.


Шымкентте ер адам темекі кесірінен өртеніп кетті

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

Шымкентте Жаңа жыл мерекесі күні, яғни 2019 жылдың бірінші тәулігінде ер адам темекі шегемін деп өртеніп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жалын аумағы 2 шаршы метрді құраған. Өртті төтеншеліктер 13 минутта ауыздықтағандарын айтады. Мас халде темекі шеккен ер адам тілсіз жаудың құрбанына айналған.

Оқиға орнынан 1971 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Оқиға Еңбекші ауданы, Бадам-1 елдімекенінде күндізгі сағат 14-тер шамасында болған.

Сондай-ақ бірінші қаңтар күні Самал шағынауданында Юсупов көшесінде жеке тұрғынүйдің шатыры отқа оранып, өрт шарпыған аумақ 72 шаршы метрді құраған. Жеке тұрғынүйге жапсарлас орналасқан гаражда ВАЗ 21099 автокөлігі жанып, 1996 жылы туылған ер азаматты күйік шалған.

Жалпы, өрттен зардап шеккен азаматтар саны өткен жылдармен салыстырғанда былтырғы жылы екі есеге көбейген. Қаза тапқандар 20 пайызға өсіп, материалдық шығындар 285 млн теңгені құрап отыр.

Шымкент қаласында 2018 жылы 152-ден астам өрт тіркеліп, 4 адам қаза болған.

Еске салайық 2018 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласында ер адам темекі шегемін деп тірідей өртеніп кеткен болатын.