​Шымкентте ер адам темекі шегемін деп өртеніп кетті

0
2 039

Мамандар алдын ала өрт себебін темекіні абайсыз пайдалану деп отыр.


​Шымкентте ер адам темекі шегемін деп өртеніп кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өрт салдарынынан 1967 жылы туған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Желтоқсанның 17-сі күні Шымкент қаласы Әмір Темір көшесінде орналасқан "Керемет" демалыс аумағында күзетшінің үйінде өрт шыққан. Күзетші үйінің аумағы бар болғаны 1 шаршы метрді құраған. Оқиға орнынан өртке қарсы қызмет шақырылмаған көрінеді.

Тілсіз жау жайпаған үйден 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Мамандар алдын ала өрт себебін темекіні абайсыз пайдалану деп отыр.

Өрт сөндірушілердің мәлімдеуінше, Шымкенттеосы себеп бойынша адамдардың 20 пайызы қайтыс болатын көрінеді.Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше осы жылдың11 айында темекі тартамын деп өрт оқиғасына жол берген 20 факт тіркелген.