​Шымкентте ер адам «тұрғынды кепілге алды» деп елді дүрліктірді (видео)

0
1 167

Ол Шымкент қаласының Нұрсәт шағынауданында тұратын 1972 жылы туған тұрғыны екендігі анықталған.


​Шымкентте ер адам «тұрғынды кепілге алды» деп елді дүрліктірді (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте Нұрсәт шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде адамдардың кепілге алынғаны туралы мәлімет тәртіп сақшылары мен тұрғындарды дүрліктірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы видео да әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті.


видео әлеуметтік желіден алынды

2019 жылдың екінші қаңтарында Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне сағат 19.35-тежергілікті тұрғыннан белгісіз тұлғалар тұрғын үйлердің бірінде адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнынан жедел жеткен тәртіп сақшылары көпқабатты тұрғынүйлердің бірінде адамдардың кепілге алынып, қамалғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын анықтаған. Тіпті елді дүрліктіріп, жұртты әбігерге салған, жалған ақпарат берген азаматты да нақыталаған. Ол Шымкент қаласының Нұрсәт шағынауданында тұратын 1972 жылы туған тұрғын екендігі анықталған.

"02.01.2019 жылы сағат 19:25-те Шымкент қалалық Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан белгісіз тұлғалар тұрғын үйлердің бірінде тұрғындарды кепілге алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы және басқа да шұғыл қызметтері тез арада келіп жетіп, жалған шақырту болғанын анықтаған. Полиция қызметкерлері ЖІШ жүргізу барысында жалған шақырту жасаған жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осыған орай Шымкент қаласы Полиция департаменті барлық қала тұрғындарын осыған ұқсас қылмысты жасауда жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және бұндай әрекеттерді жасамауды сұрайды", - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.