Шымкентте ер адамға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер құрықталды

0
1 525

Күдіктілер жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.


Шымкентте ер адамға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер құрықталды

Шымкентте полицейлер ер адамға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ер адамға қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. Күдіктілер жәбірленушіге пышақ жарақатын салып, одан ақша салынған күртешені тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, полицияға жеткізілді. Жеткізілген азаматтар жергілікті тұрғындар болып шықты. Ал олардың біреуі бұрын сотты болған екен. Тәркіленіп алынған пышаққа сараптама тағайындалды.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен («Қарақшылық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Шымкенттік полиция қызметкерлері олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.