Шымкентте «Ер-АНА» медициналық орталығының ашылу рәсімі өтті

0
1 955

Орталықта 20 жылдан астам тәжіриебесі бар мамандар қызмет етеді.


Шымкентте «Ер-АНА» медициналық орталығының ашылу рәсімі өтті

Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай «Ер-АНА» медициналық орталығының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қатысты. Заманауи талапқа сай технологиямен жабдықталған орталықта енді тұрғындарға сапалы дәрігерлік қызмет көрсетілетін болады. Орталықта 20 жылдан астам тәжіриебесі бар мамандар қызмет етеді.

Жаңадан ашылған медициналық орталықта алғашқы медициналық-санитарлық көмек, кеңестік – диагностикалық көмек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде амбулаторияда және стационарда арнайы медициналық қызмет көрсетіледі.
Мұнда жаңа технологияларды қолданып, кинезитерапия әдістерімен медициналық оңалту, роботты механотерапия, массаж, ортада өмір сүру және жұмыс істеу қабілетін тез арада қалпына келтіру мүмкіндігі үшін кеңейтілген аппараттар, физиотерапия саласындағы жаңа технологиялар орнатылған. Одан бөлек, орталықта Diers Formetrik 4D оңалту құрылғысы орнатылған. Бұл аппараттың ерекшелігі, радиацияның болмауынан жүкті әйелдерге және балаларды диагностикалық тексеруге мүмкіндік береді.