​Шымкентте ерекше балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды

0
1 082

Енді Шымкенттегі БЦП, аутизм және Даун синдромы секілді диагнозы бар балақайлар да бейімді футбол, жүзу, таэквонда және бочча үйірмелеріне тегін қатыса алады.


​Шымкентте ерекше балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның мақсаты – елде бейімді дене шынықтыру саласын дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді спорт секциялар жүйесін құру.
Секция «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында іске қосылып отыр.
Мұндай спорттық клубтар Шымкенттен басқа, тек Нұр-Сұлтанда, Қарағандыда және Павлодар қалаларында бар. 2020 жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 500-ден астам бала адаптивті спортпен айналысады деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Шымкентте церебралды паралич, есту және көру қабілеті, Даун синдромы, аутизм іжәне басқа даму патологиялары бар балалар бокс және дзюдо сияқты спорт түрлерімен шұғылдана алады. Көп ұзамай бұл қор Шымкентте адаптивті футбол және жүзу секцияларын ашуды жоспарлап отыр.