Шымкентте ерекше колледжде алғашқы қоңырау соғылды

0
934

Барша балалар қуанып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қонақтарға алғыстарын білдірді.


Шымкентте ерекше колледжде алғашқы қоңырау соғылды

«Білім күні» қарсаңында Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы көмекші мектеп-интернат колледжінің 300 орынға арналған ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты іс-шарада барысында арнайы жабдықталған кабинеттерді аралап танысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Саяси жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Байқонысов Ербол Рәбілұлы, «Nur Otan» партиясының Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Иманқұлов Әбдез Рахманұлы, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі аймақтық Кеңесінің төрайымы Шунгараева Гүлайым Әскерқызы, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының директоры Молдабек Асқар Ағабекұлы білім алушы ерекше күтімді қажет ететін балалармен тілдесіп, оларды ынталандыру мақсатында тақтаға өздерінің ыстық лебіздерін жазып, мықты маман болып шығуға шақырды.

Барша балалар қуанып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қонақтарға алғыстарын білдірді.