Шымкентте еріктілердің еңбегі еленді

0
2 256

Марапатталғандар қатарында «Харекет» ,«Отбасы банк», «Mobil plus Көмек», «XIII Legion», «Ізгілікте жарысайық», «ASAA», «Сенім», «Добряки Шымкента», «Джанин» ұйымдары бар.


Шымкентте еріктілердің еңбегі еленді

Жыл бойы аянбай еңбек еткен 12 үкіметтік емес, қоғамдық және волонтерлік ұйым өкілдерін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары арнайы марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

– Биыл еріктілер жылында жастарға үлкен жауапкершілік жүктелді. Ерікті - әрекетін сөзімен емес, ісімен дәлелдейтін нағыз патриот дер едім. Барлық еріктілерге пандемия кезінде көрсеткен еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! - деді Шыңғыс Мұқан.

Айта кетейік, марапат иегерлерінің қатарында «Отбасы банк» акционерлік қоғамы, «Mobil plus Көмек» қоғамдық қайырымдылық қоры, «XIII Legion» салауатты өмір салтын дамыту қоры, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры және «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ «Харекет» қайырымдылық қоры, "Қазақстан еріктілерінің лигасы" ҚҚ Шымкент қалалық филиалы, «Сенім» медициналық еріктілер ұйымы, «Добряки Шымкента» волонтерлік ұйымы, «Джанин» қайырымдылық қоры, «13 регион компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Волонтеры Шымкента» волонтерлік қозғалысы бар.