Шымкентте еріктілердің еңбегі еленді

0
1 103

Мерекелік кездесу барысында еріктілер көкейдегі сауалдарын ортаға салып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.


Шымкентте еріктілердің еңбегі еленді

«5 желтоқсан - Халықаралық Волонтерлар күніне» орай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов еріктілермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Мақсұт Пернебайұлы қаладағы қайырымды істердің басы-қасында жүретін жастарға шын жүректен ризашылығын білдіріп, олардың көмегінің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, қаладағы қоғамдық көлік жүйесін ретке келтіруде де белсене ат салысып, «Төлем» жүйесіндегі еңбектері үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгінде 50-ге жуық ерікті күн сайын автобустарда «Төлем» жүйесін кеңінен насихаттап, кемшіліктерді түзетуге ат салысып, қарт кісілерге қолдануды түсіндіріп жүр.
Мерекелік кездесу барысында еріктілер көкейдегі сауалдарын ортаға салып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қала әкімінің орынбасары еріктілерге алдағы уақытта да жылулықтарын жоғалтпай, қоғамдық өмірде белсенділік танытып, елімізге еңбек ете беруіне тілектестік білдіріп, болашақ маман иелерін транспорт саласында да бірге жұмыс жасауға шақырды.