Шымкентте Фарабитанушы ғалымдар бас қосты

0
2 405

Конференцияға алыс және жақын шетелдерден келген фарабитанушы ғалымдар да қатысты.


Шымкентте Фарабитанушы ғалымдар бас қосты

Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Конференция жұмысына Қазақстандағы мен алыс және жақын шетелдерден келген фарабитанушы ғалымдар, ЮНЕСКО-ның өкілдері, ҚР Мәдениет министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ірі ғалымдар, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары, БАҚ өкілдері мен ізденуші жас ғалымдар қатысты.
Жиынды өткізудің негізгі мақсаты әлемдегі фарабитанушы ғалымдардың басын қосып, ғалымның ғылыми-әдеби мұрасын зерттеп-зерделеу, насихаттау. Сонымен қатар, Шымкент қалалық Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасын әлемдегі Александрия кітапханасы дәрежесіне дейін көтеру.
Ғылыми маңызды жиында көрнекті ғалым-философ Əбу Насыр əл-Фарабидің ғылыми мұрасы жөніндегі зерттеулерге айрықша көңіл бөлініп, Әл-Фараби мұрасын әрі қарай жан-жақты зерттеу және танымал ету қажеттілігі туралы пікірлер айтылды.
Ғылыми-мәдени маңызы зор іс-шараны өткізу әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің мұрасын терең зерделеуге және көпшілік іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Кітапханада белгілі фарабитанушы ғалымдармен, академиктермен кездесулер ұйымдастыру, тақырыптық байқаулар, экскурсиялар әл-Фараби туралы фильмдер көрсету сынды іс-шаралар өткізуге қажетті жағдайлар жасалады.