Шымкенттік 31 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

0
1 436

Әйелдің мұндай қадамға баруына жігітімен ұрсып қалғаны себеп болуы мүмкін.


Шымкенттік 31 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Қайғылы жағдай 3 желтоқсан күні орын алған.Тассай шағын ауданында Юсуф Самери көшесінде 31 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйел адам өзіне бензин шашқан болуы мүмкін. Денесінің 80%-ын күйік шалған әйел Шымкент қаласы орталық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қалу үшін күресуде.

Болжам бойынша, әйелдің мұндай қадамға баруына жігітімен ұрсып қалғаны себеп болуы мүмкін.

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.