Шымкентте әйеліне пышақ жарақатын салған ер адам өзіне-өзі қол жұмсамақ болған

0
1 331

Екеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.


Шымкентте әйеліне пышақ жарақатын салған ер адам өзіне-өзі қол жұмсамақ болған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік тұрғын жанжал кезінде әйеліне пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл оқиға 2019 жылдың 23 желтоқсанында Нұрсат мөлтек ауданындағы пәтерлердің бірінде орын алған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдаған хабарламаға сүйенсек, ерлі-зайыптылардың арасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде жанжал туындаған.

Сондай-ақ, жанжал барысында ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Оқиға салдарынан екеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәлімдемесінде.