​Шымкентте газдан уланған 5 жасар бала қаза болды

0
1 407

Екі айдың ішінде 7 адам қайтыс болған.


​Шымкентте газдан уланған 5 жасар бала қаза болды

фото: ашық дереккөзден алынды

Шымкент қаласында 2019-2020 жылу беру маусымында 7 улы газбен улану оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған оқиға 2019 жылдың 27 қарашасында сағат түнгі 01.53 шамасында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы "Күншығыс" мөлтек ауданында орын алған.
Бұл туралы аталған оқиғаға байланысты өткен шұғыл баспасөз жиынында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Парманов мәлімдеме жасады.
"2019 жылы 27 қарашада Шымкент қаласы Еңбекші ауданы "Күншығыс" мөлтек ауданында бір отбасыдан 4 адам улы газбен уланған. Олар - 1994 жылғы анасы, 2015 жылғы ұлы мен 2019 жылы туған қызы және 2014 жылғы баласы. Өкінішке орай 5 жастағы бала ауруханада қайтыс болды", - деді Б.Парманов.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Ерғали Жарасбекұлы аталған 7 оқиғаның барлығы тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде қателіктерге жол беру салдарынан орын алғанын айтты. Ал аталған қайғылы жағдай газ пешінің құбырын дұрыс бекітпеу себебінен орын алған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта улы газдан зардап шеккен отбасының қалған мүшелері ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайлары қалыпты.