Шымкентте ІІІ тоқсаннан бастап қай сыныптар мектепке барып оқиды

0
2 332

Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы айтты.


Шымкентте ІІІ тоқсаннан бастап қай сыныптар мектепке барып оқиды

ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сыныптап санитарлық талаптарды сақтай отырып, аралас форматта оқиды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
- ІІІ тоқсанда бітіруші сыныптарды (9, 11 сыныптар) "кезекші сыныптар" қағидаты бойынша 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқиды. Оқушылар мектепке келіп орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы сабақтарына қатысады. Бұл оқу пәндерінің 70% - ын құрайды. Қалған пәнде онлайн форматта өтеді. Ол пәндерге информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық сабақтары кіреді, - деп мәлімдеді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, оқушылардың білімін тексеру және қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады. Сабақ уақыты кесте бойынша жүргізіледі.
Қалған сынып (5-8 және 10 сынып) оқушылары бұрынғыша онлайн форматта оқуын жалғастыра беретінін айтты басқарма басшысы Жанат Тәжиева.