Шымкентте індет жұқтырғандар саны 60-тан асты 

0
751

Соңғы мәлімет бойынша, қалада тағы 4 адам індет жұқтырған.


Шымкентте індет жұқтырғандар саны 60-тан асты 

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 4 жағдайы туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауру жұқтырған азаматтар 1964ж, 1984ж, 1985ж, 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
19.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды.