Шымкентте интернет байланысын анықтайтын жаңа сервис іске қосылды

0
714

Сервистің міндеті - бүкіл ел бойынша интернеттің нақты сапасын білу және қосылу жылдамдығы төмен аудандарды анықтау.


Шымкентте интернет байланысын анықтайтын жаңа сервис іске қосылды

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі bailanys.bar сервисін іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сервистің міндеті - бүкіл ел бойынша интернеттің нақты сапасын білу және қосылу жылдамдығы төмен аудандарды анықтау.
Bailanys.bar геолокацияны бөлісуге, интернетке қосылу жылдамдығын тексеруге және өлшеу нәтижелерін көруге мүмкіндік береді. Шалғайдағы елдімекен тұрғындары порталды пайдалана отырып, интернет сапасына мониторинг жүргізе алады. Сервис браузерде де, Aitu мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Оны PlayMarket және App Store платформаларында жүктеуге болады.
Айта өту қажет, бұл Қазақстан тарихындағы интернет сапасына жүйелі тәуелсіз мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға жасалған алғашқы қадам.