Шымкентте инвестиция көлемі 60%-ға артты

0
2 219

Қала экономикасын дамытуға 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған.


Шымкентте инвестиция көлемі 60%-ға артты

Шымкент қаласында инвестиция көлемі 60%-ға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Қала экономикасын дамытуға өткен жылы 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған.
2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 жоба әзірленіп, шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 350 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» фронт-офисі жұмысын бастады. Онда шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банктер тарапынан 35 млрд теңге несие берілді.