Шымкентте инвесторлар тарапынан 20-ға жуық білім нысаны бой көтереді

0
2 631

Инвестор есебінен жүргізіліп жатқан жобаның құны – 610,8 млн теңге.


 Шымкентте инвесторлар тарапынан 20-ға жуық білім нысаны бой көтереді

Биыл Шымкент қаласында мемлекет есебінен 13, инвесторлар арқылы 19 білім нысанының құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Құрсай» шағынауданындағы №49 жалпы орта мектептің 500 орындық қосымша құрылысының барысымен танысып, жауаптыларға құрылысты сапалы орындауды міндеттеді. Қала әкімі мектептің айналасын инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуді тапсырды.


Инвестор есебінен жүргізіліп жатқан жобаның құны – 610,8 млн теңге. Жер телімінің жалпы ауданы 0,82 га. Мердігер «Бекназ и К» ЖШС-і құрылысты биыл 6 шілде Елорда күніне орай пайдалануға беруді жоспарлауда.