Шымкентте инвесторлар тарапынан 4 емхана салынады

0
4 204

Шымкент қаласында 123 денсаулық сақтау мекемесі бар.


Шымкентте инвесторлар тарапынан  4 емхана салынады

Өткен жылы 2 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның бірі 250 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар «Атамекен» емханасы. Мекеме Қайтпас-1, Таскен, Нұртас шағын аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ал екінші нысан Асар шағын ауданынан бой көтерген қалалық инфекциялық орталық. Модульді ауруханада бүгінгі таңда пневмония, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар ем қабылдауда. Сондай-ақ, 7 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Жалпы Шымкент қаласында 123 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 36-сы мемлекеттік болса, 87-сі жекеменшік мекеме. 38 ұйым стационарлық, 78-і амбулаториялық қызмет көрсетеді. Онда 4069 дәрігер мен 9581 орта буынды медицина мамандары жұмыс жасайды.


Денсаулық сақтау басқармасының алдағы жоспарларына сәйкес, инвесторлар көмегімен 4 емхана салынбақ. Олардың қатарында №9, 11, 12, 14 емханалар және 400 орындық балалар мен ересектерге арналған реабилитациялық орталық бар.