ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖОЛ АПАТЫ: Медицина қызметкерлері көмек көрсетуден жарысты (фото)

0
5 171

Бұл оқиға - Шымкентте "Медицина қызметкерлері күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған жедел медициналық көмек көрсету бойынша өткен жарыстың көрінісі.


ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖОЛ АПАТЫ: Медицина қызметкерлері көмек көрсетуден жарысты (фото)

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылғанына 1 жыл толуына және "Медицина қызметкерлері күні" мерекесіне орай өткізіліп отырған жедел медициналық көмек көрсету бойынша ІІІ жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкентте жедел жәрдем қызметі бригадаларының арасында өткен сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысып, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Адам өміріне араша түсетін ақ халаттылар жарыста түрлі ситуациялық жағдайларда кездесетін тапсырмаларды практика жүзінде орындап, қайғылы оқиғалар кезінде жылдам әрі сапалы көмек көрсету шеберліктерін ортаға салды.

Аталған сайысқа Шымкент қаласынан 14 команда қатысты, оның 9 командасы жедел жәрдем станциясының қызметкерлері болса, ал 5 командасы Шымкент қаласының емханаларының атынан қатысты.

"Медицина қызметкерлері күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыста арнайы дайындалған көріністер койылды. Онда ірі жол апатынан бірнеше азаматтар зардап шеккен болатын.

Жәдел жәрдем қызметкерлерінің алғашқы сынағы осы жол апатына ұшыраған азаматтарға алғашқы медициналық көмек түрлерін көрсетуден басталды.

Әртүрлі дене жарақатын алған азаматтарға шұғыл келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмектерді көрсете бастады.

Жарақаттаған азаматтарға дер кезінде тиісті медициналық көмек көрсетіліп, өз бетімен қозғала алатындарға арнайы көмек көрсетілсе, ауыр дене жарақатын алғандарды жедел жәрдем көлігімен алып кетті.

Жедел жәрдем көлігі арнайы сиренасын іске қосып, аурухананың қабылдау бөліміне шұғыл жеткізу жұмыстарын жүргізді. Жеткізілген ауруханада науқастарды одан ары тиісті сала мамандарының қолдарына тапсырылды.

Сондай-ақ, сайыс барысында жедел жәрдем қызметкерлері дайындаған 6 станцияда өз біліктілігін және шеберлігін көрсетті.

1. Жедел коронарлы синдром станциясы

Жедел коронарлы синдром – жедел миокард инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік туғызатын кез-келген клиникалық, электрокардиографиялық, лабораторлық белгілермен көрінетін жедел миокард ишемиясы. Осы синдроммен түскен науқастарға көмек көрсетілді.

2. Сұрақ-жауап станциясы

Бұл жерде жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арнай сұрақтар қойылып, манекендерге алғашқы көмек көрсету әдістері жасалынды.

3. Анафилактикалық шок станциясы

Анафилактикалық шок - ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс.

4. Реанимация станциясы

Реанимация - ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру болып табылады. Медицина қызметкерлері адам өмірін аман алып қалу үшін барлық шараларды қолға алды.

5. Босану станциясы

Ана мен бала өмірін аман алып қалу медицина қызметкерлеріне басты мақсат болып табылады. Ананың жағдайы, оның құрсағындағы нәрсетінің денсаулығы қадағаланды. Осы мақсатта жүкті әйелге жедел жәрдем қызметкерлері алқашқы медициналық көмектерін көрсетті.

6.Станция преэклампсия

Эклампсия — гестоздың ең жоғарғы сатысы, жүкті әйелдің полиорганды жетіспеушілігінің салдарынан пайда болатын эпилепсияға ешқандай қатысы жоқ құрысу-тырысу ұстамаларымен сипатталатын синдром.

Аталған сидром бойынша жүкіті келіншектің жағдайын білген жедел жәрдем қызметкері, өз ісіне кірісті.

"Сайыстың негізгі мақсаты біздің жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру, білімін жетілдіру болып табылады. Биыл барлық мамандарымызды халықаралық стандарттармен оқытып жатырмыз. Соның нәтижесін бүгінгі сайыста көретін боламыз. Бүгінде қала аумағында 86 бригада жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бізде 30 жедел жәрдем нұсқаушысы жұмыс атқарады. Аталған нұсқаушылар шетелде оқытылған мамандар. Бүгінгі сайыста жеңіске жеткен қызметкерлерге нұсқаушы деген дәреже беретін боламыз", -дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гульнар Құрманбекова.

"Медицина қызметкерлері күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыста №10 бекеттің бригадасы жеңіске жетсе, екінші орынды №2 бекет бригадасына бұйырды, ал үшінші орын иегері №4 бекет бригадасы атанды. Аталған жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.