Шымкентте «ІТ CAMP» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

0
954

«IT CAMP» жобасы 16 қыркүйектен бастау алды.


Шымкентте «ІТ CAMP» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

Шымкенттік оқушылар үшін IT саласындағы тағы бір қуанышты жаңалықтың бірі – «ІТ CAMP» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоба Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның бастамасымен жүзеге асып отыр. «IT CAMP» жастар мен жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыра отырып, жаңа саланы игеруіне мүмкіндік береді.

Кез келген жас ІТ саласы бойынша білім алып, білімдерін жетілдіріп, жаңа стандарт жобалар мен тың идеяларын ұсына алады.
«IT CAMP» жобасы 16 қыркүйектен бастау алды. Қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары жаңа бағыт бойынша қашықтықтан ZOOM платформасында сабақ алуда. Жастардың жобаларына инвесторлар тарту арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінде арнайы «Python» бағдарламалау курсымен 200 жас дәріс алып отыр.
Сондай-ақ сабаққа белсенді қатысып, үй тапсырмасын күнделікті орындаған қатысушыларға 300 мың теңге және ноутбук сыйға беріледі.