Шымкентте ит иесінің мәйітін жеп қойды

0
1 329

Ер адам үйінде жалғыз өзі итімен тұрған.


Шымкентте ит иесінің мәйітін жеп қойды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында ит иесінің мәйітін жеп қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

5 мамыр күні сағат Шымкент қаласы ПД Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ауданда орналасқан үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мұқият тексеру жүргізді. Көз жұмған ер адамның жеке басы анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам үйінде жалғыз өзі итімен тұрған.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң аш ит иесінің мәйітін жей бастаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында азаматтың қайтыс болу себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.