Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
727

Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан толық бақылауда.


Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты орталық көшелерге инертті заттар себіліп, қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тазалау жұмыстары мердігер мекеме "Жасыл Жер" ЖШС тарапынан жүзеге асуда..

Аудан көлемінде тазалық жұмыстарына жалпы саны 220 адам Камаз ПР-14 дана, Трактор 82- 3 дана, Мини трактор-1 дана, Камаз -1 дана, Газон -2 дана, Газ-53-6 дана, Камаз ассенизатор -1 дана, Погрузчик -1 дана, Камаз пылесос -1 дана жұмылдырылды.
Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан толық бақылауда.