Шымкентте қар тазалау жұмыстарына мыңға жуық адам жұмылдырылды

0
397

163 техника жұмылдырылған.


Шымкентте қар тазалау жұмыстарына мыңға жуық адам жұмылдырылды

Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты қаладағы орталық және ішкі орам көшелерінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағы 21 секторға бөлінген. Аталған жұмыстарға 940 адам, 163 техника жұмылдырылған.
Тазалық шаралары аралас жол көліктері, тракторлар, Газ 53, Камаз сомасвалдар мен тиегіш техникаларының көмегімен атқарылуда.

Жұмысшылар аумақтарды тазалап болған соң, тайғаққа қарсы инертті заттарды себу жұмыстарына кірісетін болады.