Шымкентте карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізгендер анықталды

0
829

Карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізген демалыс орны анықталды.


Шымкентте карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізгендер анықталды

Шымкентте карантинге қарамастан жұмыс істеген демалыс орны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 20 шілдесінде сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс- шараларын жүргізді.
Шара барысында карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізген демалыс орнын анықтады.
Нәтижесінде Нұртас мөлтек ауданы, Нұртас көшесінің бойында орналасқан «Ақ сарай» демалыс орнының банкет залында мерекелік іс-шара өтіп жатқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша демалыс орнының иесінен түсініктеме алынған.

ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 802-бап 2 бөлігін (құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар) негізге ала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.