Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған мейрамхана иелері жауапкершілікке тартылды

0
656

Мобильді топ бір тәулікте 72 кәсіпкерлік нысанын тексерді. Нәтижесінде карантин режимін бұзған 2 заң бұзушылық анықталды.


Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған мейрамхана иелері жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен демалыс күндері Еңбекші ауданы бойынша кезекті рейд ұйымдастырылды. Мобильді топ түскі уақытта «Алтын Мерос» мейрамханасында отбасылық іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Рейд барысында мейрамханада 200-ге жуық келуші болған.
Сонымен қатар, К.Цеткин көшесі №49 үйде тағы бір заң бұзушылық тіркелді. Бұл жеке үйде 60-70 келуші бар үлкен іс-шара ұйымдастырылған.
Мобильді топ бір тәулікте 72 кәсіпкерлік нысанын тексерді. Нәтижесінде карантин режимін бұзған 2 заң бұзушылық анықталды.
Мобильді топ азаматтар мен мекеме иелеріне карантиндік режим жалғасатынын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керектігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында Әл-Фараби ауданында мобильді топ карантин талаптарды сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.