Шымкентте карантиндік шектеу жеңілдеді

0
932

Жаңа қаулыға сәйкес, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеу қойылмайды.


Шымкентте карантиндік шектеу жеңілдеді

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 ақпандағы № 7 «Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын жеңілдету туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеу қойылмайды. Тек, медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология кабинеттері алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырылу қажет. Ұйымдар мен кеңселерге CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде (жұмыс орнында) жұмыс істеуіне жол беріледі.

Өнеркәсіп, коммуналдық теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі, құрылыс, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, байланыссыз қызметтер мен туристік компаниялар, бизнес орталықтары мен медициналық ұйымдар, музейлер мен кітапханалар, азық-түлік дүкендері мен шағын маркеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (алдын ала жазылумен), ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелерде де қалыпты режим сақталады.

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі шектеусіз жүргізіледі. Салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларды (банкеттер, еске алу) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар мен көрмелер, марафондар өткізу шектеусіз жүзеге асырылады. Сондай-ақ, олардың қатарында спорт кешендері мен спорттық сауықтыру орталықтары, ойын клубтары мен түнгі клубтар, караоке залдары, сауда орындары, бассендер бар.