Шымкентте карантиндік шектеулер қайта күшейтілді

0
2 897

Шымкент қаласындағы карантин мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды.


Шымкентте карантиндік шектеулер қайта күшейтілді

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, күнделікті (дүйсенбі-жұма) 2020 жылғы 22 маусымнан бастап қолданыстағы қабылданған шектеу шараларына қосымша келесі шектеулер қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1) Онлайн режімінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі таңертең сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін шектелді;

2) Қоғамдық көліктер әрі қарай дезинфекциялық шараларды жалғастыра отырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07.00-ден 11.00-ге дейін, кешке сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін шектелді;

3) Қала тұрғындарына, әсіресе 65 жастан асқан тұлғаларға мүмкіндігінше үйде отыру ұсынылды.

Шымкент қаласындағы карантин мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 1185-ке жетсе, 12 науқас індеттен көз жұмған.