Шымкентте “қарасора” өсімдігін пластикалық шелектерде егіп-өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды

0
1 352

Жасы 40-қа таяп қалған қала тұрғыны тыйым салынған өсімдікті өз үйінде өсірген.


Шымкентте “қарасора” өсімдігін пластикалық шелектерде егіп-өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды

Шымкент қаласының тұрғыны үйінде тыйым салынған “қарасора” өсімдігін өсіргені анықталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында құрамында есірткі заттар бар өсімдікті өсіру фактісін анықтады.

Жасы 40-қа таяп қалған қала тұрғыны өз үйінде өсіруге тыйым салынған “қарасора” өсімдігін пластикалық шелектерде егіп-өсірумен айналысқан.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.