Шымкентте қарқынды бау көлемі артып келеді

0
1 330

Cоңғы екі жылда 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған


Шымкентте қарқынды бау көлемі артып келеді

Шымкент қаласының бағбандары бүгінде озық технология бойынша егілген қарқынды баудың өнімділігі дәстүрлі тәсілмен егілген бауға қарағанда 1,5 - 2 есеге артқанына көз жеткізіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында соңғы екі жылда 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған.

Ал, биыл «Д-Сабыр» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа интинсивті бау екті. Бозарық тұрғын алабында орналасқан шаруашылыққа 100 млн теңге инвестиция құйылған. Мұнда алманың «Айдаред», «Ред делишес», «Джонаголд», «Глостер» сынды түрлері бар. Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, науқан кезінде жұмысшылар саны көбейеді.
Аталған жобаға мемлекет тарапынан 25 млн. теңге субсидия бөлініп, қолдау көрсетілді.
Мұнан бөлек, қалада биыл озық технологияны қолдана отырып өнеркәсіптік үлгідегі аумағы 5,7 гектар болатын екі жылыжай кешені іске қосылды.