Шымкентте қарттарға қызмет көрсететін орталық жұмыс істеп жатыр

0
1 537

Жуырда ашылған мекемеде 100 ден аса зейнеткерга қызмет көрсететеді.


Шымкентте қарттарға қызмет көрсететін орталық жұмыс істеп жатыр

Сенат депутаттары Шымкенттегі «Белсенді өмір сүру» орталығына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «Белсенді өмір сүру» орталығына барып, ондағы қарттармен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев мәртебелі қонақтарды орталықта көрсетілетін түрлі қызмет түрлерімен таныстырды.

Атап айтсақ, жуырда ашылған мекемеде 100 ден аса қартқа тәуліктің күндізгі уақытында, екі ауысымда (бірінші ауысым 900-1300, екінші ауысым 1400-1800 ) арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсетеді. Орталық интернет-кафе, емдік-уқалау, физикалық-емдеу бөлмесі, кинозал, кітапхана, тренажерлық және спортпен шұғылдану (йога, үстел теннисі, бильярд) аймақтарымен қамтылған.

Орталықтың негізгі мақсаты – егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға және белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

фото: Серік Қосаев