Шымкентте кәсіпкерлерді қолдау үшін түрлі шаралар өткізілуде

0
692

Кәсіпкерлер өз жобаларын көрсетіп, меморандумға қол қойды.


Шымкентте кәсіпкерлерді қолдау үшін түрлі шаралар өткізілуде

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев бірқатар кәсіпкерлердің басын косып жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шарада өзекті мәселелер талқыланып, бизнес жоспарлар таныстырылды. Сондай-ақ жиын соңында кәсіпкерлер өз жобаларын көрсетіп, меморандумға қол қойды.

Бүгінде қалада кәсіпкерлерді қолдау үшін түрлі шаралар өткізілуде. Әсіресе, карантин кезінде кәсібі шығынға батқандардың қатары атқан. Мәселен кейбір ірі кәсіпорындар тауарларын шетелден әкеледі. Ал бүгінгі таңда бұл қолжетімсіз болып отыр. Сол үшін Атамекен бизнес кәсіпкерлер палатасы түрлі нишалық жобалар дайындап, кәсіпкерлерді қолдауда.

Бүгінде Кәсіпкерлер Палатасы қаладағы үй шаруашылықтары мен кәсіпкерлік орындарға скрининг жүргізді. Нәтижесінде 40 мыңнан астам субъектілерді анықталып, экономикалық картадағы 12 индикатор бойынша баға берілді. Бұл алдағы уақытта Шымшаһрдың даму жоспарына үлкен пайда әкелмек.

- Сонымен қатар шара соңында Айбек Сәттібаев қалада 5 мыңнан астам түрлі қызметтердің қажет екенін айтты. Мәселен, банкоматтар, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары, сұлулық салондары, оқу курстары. Әсіресе Сәуле және Достық сияқты шағын аудандарда шағын бизнес сұранысқа ие, - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев.