Шымкентте кәсіпкерлерге "Бизнес-Супермаркет" орталығы қызмет көрсетеді

0
2 133

Шымкентте «Бизнес-Супермаркет» орталығы кәсіпкерлер мен инвесторларға барлық қажетті қызмет түрлерін көрсететін болады.


Шымкентте кәсіпкерлерге

Бүгін Шымкентте қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Қазақстанда теңдесі жоқ "Бизнес-Супермаркет" инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазірде «Бизнес-Супермаркет» кәсіпкерлер мен инвесторларға көресететін қызметтер электрондық форматқа көшіп, "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Онда қызметтер инвесторлар үшін де, жұмыс істеп тұрған және жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін де көрсетілетін болады.

"Бизнес-Супермаркет" жобасының басқалардан артықшылығы, ол бірнеше даму институттарының күшін біріктіріп отыр. Олар "Даму "КДҚ" АҚ өңірлік филиалы, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, "Shymkent "ӘКК" АҚ және әкімдік басқармалары. Бұдан басқа, CRM жүйесі әзірленуде, ол бюрократиялық кедергілерді, өтінімдер мен ұсыныстарды қарау мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін болады.

"Басқа орталықтардан айрымашылығы егер де баяғыда келіп ұсынысты айтып, ұсынысты қарайтын болса, ал бұл жерде дайын бизнес жобалар болады. Сіз келіп жәй ғана сатып алып кетесіз. Магазиндегі товарды алып кеткен секілді. Дайын бизнес түрлерін сатып алып кете бересіз. Егер ешқашан бизнеспен айналыспаған болсаңыз, бізден оқудан өтуіңіз керек. Егер айналысып жүрген болсаңыз бізбен бірге келісіп, сол шартты сатып алып, бизнесіңізді ары қарай жалғастыруыңызға болады. Бізде әкімнің тапсырмасымен арнайы бағдарлама бар. Яғни сатқан тауарыңыздың логистикасын толықтай біз жауап береміз. Бүкіл Қазақстан аймағына және де Өзбекстан мемлекетіне жіберілген заттардың логистикаға кеткен қаржысын біз қайтарып беретін боламыз" - деді «Shymkent» ӘӘК АҚ төрағасы Р.Аюпов.

Кәсіпкерлер сондай-ақ заңгерлік, бухгалтерлік қызметтерді, бизнес-жоспарлауды, бизнесті сүйемелдеуді, "Атамекен" ӨКП қызметтерін, ХҚКО, РФ "Даму "КДҚ", кедендік қызметтерді, логистика және рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтерді, сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының қызметтерін алатын болады.

Сондай-ақ, "Қазпочта"АҚ және "Shymkent"ӘКК" АҚ бірлескен жобасы аясында "E-Commerce Center" - электрондық коммерцияға жәрдемдесу орталығы да өз қызметін көрсететін болады.

"Yesface.shymkent» компаниясы корей косметикасын онлайн сатумен айналысқанына жарты жылдай болды. Маған жас кәсіпкер ретінде өз бизнесімді кеңейту үшін арайы интернет платформа ашуды көздеп отырмын. Қазір инстаграм желісінде саудалап отырмыз, ал сайт ашатын болсақ тауар ассортиментін көбейтіп, тауар сапасын жоғарлатуды жоспарға қойып отырмыз", - дейді «Yesface.shymkent» копаниясының өкілі Манзура Алимжанова.

Бүгінгі күні 60% - дан астам әлемдік сауда электрондық ортаға көшті және болашақта бұл сан өсетін болады. Мұнда кәсіпкерлер онлайн-сауда және жеткізу бойынша кеңес алып қана қоймай, Қазақстан мен Өзбекстан бойынша тауарларды жеткізу бойынша шығындарды да өтей алады.