Шымкентте кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың мәселесі талқыланды

0
1 005

Шымкент қаласында «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында республикалық оқыту-семинары өтті.


Шымкентте кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың мәселесі талқыланды

Шымкент, Түркістан өңірлерінде кәсіпорындағы жазатайым оқиғаларды төмендету мақсатында республикалық семинар өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында республикалық оқыту-семинары ұйымдастырылды. Жалпы семинарға Түркістан облысымен, Шымкент қаласынан 38 тыңдаушы қатысты.

Семинар барысында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік кеңестің жұмысы, жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау, келісу және татуласу комиссиялары тақырыбында оқу өтті.

Аталған жиында қатысушылар мен жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігіне тиісті қаражат бөлмеу және 300-ден аса жұмыскерлері бар мекемелерде техникалық инспектор штатының болмауы, 1000-нан аса жұмыскерлері бар мекемлерде еңбек қауіпсіздігі жөнінде қызмет құрудың орына бір ғана маман жұмыс істейтіндігі және жыл сайынға өтетін еңбекке жарамдылығы туралы медициналық анықтамалардың бұрмалануы жөнінде мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, мекемелердегі еңбек қауіпсіздігіне жұмсалған қаражаттарды салықтық шегерімдерге жатқызуды немесе басқа салықтық жеңілдіктер беру қажеттіліктерін ұсынды. Бұл ұсыныс, өз кезегінде жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігіне жұмсалатын қаражаттар көлемін өсіруге септігін тигізетіндігін атап өтті.

Семинарды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов ашып, жиын соңында қатысушыларға өз сертификаттарын табыстады.

Айта кетейік, семинар «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқу орталығымен бірлесе ұйымдастырылған болатын.