Шымкентте қатты желден жарық сөніп, бірнеше үйдің шатырлары қирады

0
1 069

Кеше қала тұрғындарына күшті жел туралы дауылды алдын алу ескерту жарияланған.


Шымкентте қатты желден жарық сөніп, бірнеше үйдің шатырлары қирады

ERNUR.KZ. Шымкентте қатты желдің салдарынан жарық сөніп, бірнеше үйдің шатырлары ұшқан. Қазіргі таңда қаланың төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері бірлесіп, дауылдың салдарын ретке келтіруде, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше қала тұрғындарына күшті жел туралы дауылды алдын алу ескерту жарияланған.

«Қатты желдің салдарынан 20-21 желтоқсан аралығында сағат 21:00 ден 07:00 ге дейін Шымкент қаласында электр жүйелері зақымдалып, Пахтакор, Самал-3, Қызылсай, Кайтпас-2, Жаңа талап, 4 –ші мөлтек аудандары мен Акжар, Кайнар бұлақ саяжайларында, Откормсовхоз елді мекенінде жарық сөндірілген. Сонымен қатар, Байтұрсынов көшесінде, Солтүстік, Нұрсат мөлтек аудандарында бірнеше үйдің шатырлары ұшқан. Оқиға орын алған жерлерде Шымкент қалалық ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері бірлесіп жұмыс атқаруда. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Ал, бүгін метереология қызметінің мәліметінше, қалада түнде және таңертең күшті жауын-шашын күтіледі. Жаңбырдың соңы қарға ұласады. Күннің екінші жартысында мұзтайғақ, боран болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-тен 25 метрге дейін жел тұрады деген ескерту тарады.

Айта кетейік, кеше қала тұрғындарына дабылды алдын ала ескерту хабарламалары түскен болатын. Желдің күшейген кезінде қандай әрекеттер жасау керектігі туралы азаматтарға нұсқаулық та берілген.