Шымкентте «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

0
1 007

Іс-шара барысында жол ережесін бұзған 1044 азамат жауапқа тартылған.


Шымкентте «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу іс-шарасы  өтті

Аталған іс-шара Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың 5-11 тамыз аралығында «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу іс-шарасынөткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету, көшелерде, аулаларда және өзге де қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шара барысында барлығы 814 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, жол ережесін бұзғаны үшін 1044 азаматқа әкімшілік шара қолданылған. Сонымен қатар, ҚР-да болу заңнамасын бұзудың 52, есепте тұрған тұлғалармен жасалған заңбұзушылықтың 5 жайты анықталды және Пробация есебінде тұрған 584 адам тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, олар тарапынан жасалған 12 шектеуді бұзушылар жауапқа тартылған.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтарында 15306 пәтер мен үйлерге аралау жүргізген.