Шымкентте «Қауіпсіз жол!» жедел алдын-алу іс-шарасы өтті

0
1 586

Арнайы іс-шара барысында 1 тәулікте 789 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.


Шымкентте «Қауіпсіз жол!» жедел алдын-алу іс-шарасы өтті

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлерімен 2018 жылдың 14-16 қараша аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 3 күндік «Қауіпсіз жол!» жедел алдын-алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер іс-шара барысында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған құқықбұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алуға баса назар аударды. Іс-шараның 1 тәулігінде 789 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде:
- ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 47;
- 592-бабы (жылдамдықты арттыруы) – 299;
- 593-бабы 1-бөлігі (қауіпсіздік белдігін қолданбау) – 51;
- 595-бабы (маневр жасау тәртібін бұзу) – 11;
- 596-бабы 3-бөлігі (қарама-қарсы жолағына шығу) – 4;
- 600-бабы 1-бөлігі (жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу) –2;
- 615-бабы (жаяу жүргіншілерімен ЖЖҚ бұзу) – 23;
- 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) –7 құқықбұзушылық тіркелген.