Шымкентте қазақ күресінен ҚР чемпионаты өтті

0
408

Аталған жарысқа еліміздің барлық аудандарынан 400-ге жуық спортшы қатысты.


Шымкентте қазақ күресінен ҚР чемпионаты өтті

Шымкент қаласында қазақ күресінен 2003-2005 жылы туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жарысқа еліміздің барлық аудандарынан 400-ге жуық спортшы қатысты. Топ жарған спортшылар Әлем Чемпионатына қатысуға жолдама алады.
Ал, шымкенттік спортшылар 3 алтын, 2 күміс медаль иеленіп, командалық есепте 2 орын алды. Атап айтар болсақ, Нұрдаулет Бақтыбайұлы, 60 келіде жарысқа шыққан Оралбай Бағдат, 100 келіде шыққан Мирас Бақтыбай 1-орыннан көрінді.