Шымкентте «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу өтті

0
996

Жалпы 30-ға жуық балуан белдесті.


Шымкентте «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу өтті

Шымкент қаласында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу бәсекесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайысты тамашалап, спортшыларға сәттілік тіледі.
«Шымкент барысы» іріктеу жарысында Л.Тажиева атындағы №4 спорт мектебі, №10 ОРБЖСМ спортшылары, жалпы 30-ға жуық балуан белдесті. Биылғы бәсекеде Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз атанды. Нұрсұлтан Қожагелді екінші, Әл-Фараби Бекұлы үшінші орынды иеленді.
Жарыстың қорытындысы бойынша үздік 1-2 орынға ие болған балуандар 2021 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық турнирде бақ сынайды.

Сонымен, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Ерсұлтан Мұзаппаров пен Нұрсұлтан Қожагелді Шымкент қаласының намысын қорғайды.