Шымкентте "Қазақстан бүгін және болашақта" атты аймақтық пікір-сайыс өтті

0
2 007

Пікір-сайыс нәтижесімен Қаратау ауданы әкімі аппаратының мәдени – ағарту жұмыс бөлімінің басшысы Айнұр Сансызбаева мен М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің студенті З.Н​. Есенгелді жеңімпаз топ мүшелері ретінде марапатталып, оларға республикалық деңгейдегі ойындарға қатысуға жолдама берілді.​


Шымкентте

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер мен М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің студенттері арасында аймақтық пікір-сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиналыс барысында аталған агенттігінің қалалық департаментінің басшысының орынбасары Айбек Шілманов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың басымдылықтарын ескере отырып, халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырғанда ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынын атап өтті.
Бүгінгі бұл Агенттігінің алдында тұрған басты мақсат инновациялық мемлекеттік қызметке көшу болып табылады. Оған жету жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз мүмкін емес. Бұл ретте, Агенттікпен республикалық деңгейде барлық мемлекеттік қызметшілердің, сонымен қатар, студенттердің арасында «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбы бойынша пікір-сайыс ұйымдастырылуда.
Мұндай пікір-сайыстарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шеберлеуге мүмкіндік береді.
Айтылғандардан басқа, ұлттық деңгейдегі пікір-сайыс мемлекеттік қызметшілерге ел алдына қойған мақсаттарға жету жолында өзінің жеке салымын енгізуге зор әсерін тигізетіндігін айтып өтті.
Пікір-сайыс нәтижесімен Қаратау ауданы әкімі аппаратының мәдени – ағарту жұмыс бөлімінің басшысы Айнұр Сансызбаева мен М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің студенті З.Н. Есенгелді жеңімпаз топ мүшелері ретінде марапатталып, оларға республикалық деңгейдегі ойындарға қатысуға жолдама берілді.